Ақпаратқа сәйкес, №118-ші бағыттағы қоғамдық көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында тоқтатылды.
Тәртіп сақшылары әрекеті күдік туғызған жүргізушіні тоқтатып, оны медициналық куәландырудан өткізуге апарды. Сараптама қорытындысы бойынша нарколог-дәрігерлер оның есірткіге мас болғанын анықтады, — деді әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.
Полиция өкілінің айтуынша, жүргізуші қоғамдық көлікті басқарудан шеттетілді.
Алматы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды,- дейді ол.
Сонымен қатар автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.
Есірткіге масаң күйдегі жүргізушіні жолаушы тасымалдауға рұқсат берген автокәсіпорынның медицина қызметкеріне 150 мың теңге көлемінде айыппұл салынды,- деді Дәулет Сейітқұлов.