Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда жыл...

Қазақстанда жыл басынан бері 198 806 шетел азаматы ЖСН алған

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда шетелдіктер 198 806 ЖСН рәсімдеген.

Азаматтардың ең көп саны: Өзбекстан — 91 454, Ресей — 74 371, Тәжікстан — 7 896, Қырғызстан — 4 470, Украина — 1 520, — делінген хабарламада.

Қазақстандағы шетелдіктерге ЖСН әртүрлі мақсаттарға қажет:

  • жұмысқа орналасу;
  • Қазақстанда есеп айырысу шотын тіркеу;
  • мүлікті тіркеу;
  • мемлекеттік қызметтерді алу және т.б.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 40 831 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімі бойынша, 3 519 шетелдік елден шығарылған. Оларға бес жылға дейін елге кіруге тыйым салынады.