Арман Тосқанбаев Қазақстанда биологиялық белсенді қоспа өндіретін кәсіпорын ашты

Кәсіпорын айына 9 тонна өнім өндіреді.  Фабриканың жалпы ауданы — 365 шаршы метр.

Өндіріске 500 000 АҚШ доллары жұмсалды. Өндіріс кешені кейінгі буындардың жоғары автоматтандырылған еуропалық жабдықтарымен жабдықталған. Akyldy food supplements өз өнімдерін Өзбекстанға, Қырғызстанға, Ресейге, Түркияға — әлемнің 11 еліне экспорттайды. Компанияның Алматыда, Мәскеуде, Новосібірде, Нұр-Сұлтанда, Атырауда, Бішкекте, Ташкентте және Ошта хабтары бар.

Қазіргі уақытта өндірісте өнімнің 10 түрі шығарылады, жұмыстың бірінші жылының қорытындысы бойынша өндірісте 50 000 бірлік өнім дайындалды. Жыл соңына дейін кәсіпорында 100 000 бірлік өнім шығарылады, ал келесі жылы өндірістік қуатты 10 есеге – 1 000 000 бірлікке дейін арттыру жоспарланған. Өндірісте 15 адам жұмыс істейді.

2019 жылы біз жапон өнімдерін дистрибуциялаумен айналыса бастадық. Бірақ пандемия кезінде авиалогистиканың құны алты есе өсті. Дайын жапон биологиялық белсенді қоспаны Қазақстанға әкелу қымбатқа түсті, сондықтан біз оларды Қазақстанда шығаруға шешім қабылдадық. Қазір компанияның тек дистрибьютор бизнесі бойынша жылдық айналымы 3,5 миллиард теңгеге жетеді, бұл бағыт ББҚ бойынша біздің айналымның 20%-нен аспайды, қалған 80%-і  өз өндірісінде өнім өндіру болып саналады. Біз өзіміз өндіре алмайтын өнімді ғана алып келеміз. Өнімді өндіруге арналған шикізат Жапонияда, ингредиенттермен толтыру үшін целлюлоза капсулалары Францияда сатып алынады. Ал, ББҚ үшін пластикалық құты – Ресейде, — деді Akyldy food supplements негізін қалаушы Арман Тосқанбаев.

Компанияның жоспары — бизнесті масштабтау және одан әрі капсулалық емес, таблетка және жұмсақ капсула шағын-зауыттарын салу. Жаңа кәсіпорындар Алматыда орналасады. 2022 жылдың соңына дейін таблеткалау цехы, 2023 жылы жұмсақ-желатин цехі іске қосылады. Қазақстанда мұндай форматтағы цехтар әзірге жоқ.

Компания бірден GMP және HACCP халықаралық сертификаттары бар шикізат өндіретін бірнеше әлемдік зауыттармен ынтымақтасады. Сонымен қатар компанияның өзі HACCP халықаралық сертификаттарына ие, әрбір өнімде Кеден Одағының сәйкестік Декларациясы және Мемлекеттік тіркеу стандарты бар.