Алматы облысы Шеңгелді елді мекеніндегі 54179 әскери бөлімінде борышын өтеген қыз «НеМолчиKz» қоғамдық қорына жүгінен.
Ол 2019 жылдың желтоқсанында үш жыл мерзімге қызметке шақырылғанын, бірақ мерзімінен бұрын босатылғанын айтты. Әскери қызметші батальон командирлері келісімшарт бойынша қызмет етуге кедергі келтіргенін айтты. Оның айтуынша, әскери бөлімде қызмет ете бастаған сәттен-ақ батальон командирі қыр соңына түсіп, қысым көрсеткен.
Оған бағынышты офицерлер ештеңені байқамағандай түр танытып, ал әскери бөлім қолбасшылығы (…) ешқандай шара қолданбады, — дейді қыз.
Оның айтуынша, ол әскери бөлім басшылығына бірнеше рет жүгінген. Бірақ: «Әдемі қызсың, жеке өміріңе араласпаймыз, мен сенің ағаң емеспін, командирді таңдамайды, сені ешкім әскерге қолыңнан сүйреп әкелген жоқ», — деген жауап алған.
Әскери қыз псориаз және гастритпен әскери госпитальға түскенін айтты. Оның айтуынша, батальон командирі басқа бөлімшеге ауыстырылған, ал батальон командирінің орнына оның жақын досы келген. Ол осыдан кейін жәбірлеу, қорлау, қысым көбейе түскеннін айтты. Қыз әскерден кеткен. Ол мүгедек анасы мен інілерінің жалғыз асыраушысы, әкесі жоқ екені айтылды. Ол өзін қорлағандарға шара қолдануды сұраған.
Бұрынғы әскери қызметші жұмыстан заңсыз босатылғанын және батальон командирінің өзіне қырындағанын мәлімдеген соң қорғаныс министрлігінде комиссия құрылды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел түрде комиссия құрылып, әскери бөлімде тексеріс басталды. Қатардағы жауынгер А.Б. Елшібаеваның әлеуметтік желіде жариялаған фактілері анықталған жағдайда кінәлілер қатаң түрде тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Тіпті қызметтен шығарылып, қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін, — делінген қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.
Тексеру барысы қорғаныс министрінің жеке бақылауына алынды.