Қазақстандық Дмитрий Щебет ресейлік би байқауынан бас жүлде алды (видео)

Риддерлік Дмитрий Щебет Ресейдегі "Танцы на ТНТ" байқауына қатысып, бас жүлдесін жеңіп алды.

Дмитрий Щебет Риддер қаласының тумасы. Жасы 24-те. Бала кезінен бастап әртүрлі би жанрларында билейтін ол 2013 жылы Киевте өткен «Танцуют все-6» жобасына қатысып, 3-орын алған еді. Осыдан кейін жұлдызы жанып, Apache Crew деп аталатын би ұжымына жұмысқа тұрады.

Ал биыл «Танцы на ТНТ» жобасының финалында Санк-Петербургтен келген Станислав Литвиновты жеңіп, бас жүлдені алды. Оған «Жылдың үздік бишісі» титулымен бірге 3 милиион рубль сыйақы берілді. Дмитрий бұл ақшаға анасына үй алып бермекші.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version