Дмитрий Щебет Риддер қаласының тумасы. Жасы 24-те. Бала кезінен бастап әртүрлі би жанрларында билейтін ол 2013 жылы Киевте өткен «Танцуют все-6» жобасына қатысып, 3-орын алған еді. Осыдан кейін жұлдызы жанып, Apache Crew деп аталатын би ұжымына жұмысқа тұрады.
Ал биыл «Танцы на ТНТ» жобасының финалында Санк-Петербургтен келген Станислав Литвиновты жеңіп, бас жүлдені алды. Оған «Жылдың үздік бишісі» титулымен бірге 3 милиион рубль сыйақы берілді. Дмитрий бұл ақшаға анасына үй алып бермекші.