6 тамыз күні сағат 20:00 шамасында 48 жастағы Еркін Мұханғалиевті өлтіріп кетті. Ол пышақ жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Марқұм «Гульчатай» дәмханасы (бұрынғы «Астория» мейрамханасы) мен «Махаббат» мейрамханасының қожайыны болған.
Кісі өлтірді деген күдікпен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге іздеу жарияланған болатын.
Күдіктінің уахабизм немесе басқа деструктивті діни ағымды ұстанатыны, сонымен қатар радикалды идеяларды таратқаны туралы ақпарат жоқ, — делінген хабарламада.
БҚО ПД мәліметінше, кісі өлтіруге тараптар арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған.
Куәгерлердің айтуынша, кісі өлтіруге басты себеп — жалақының төленбеуіне байланысты туған тұрмыстық жанжал, — деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, оқиға 6 тамызда кешке болған еді. Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П.Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылды.