Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында көлік апатынан бес адам қайтыс болды

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

6-шілде күні сағат 20:40 шамасында «Ауди» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Рено» көлігіне соғылған. Салдарынан 5 адам қайтыс болды. Тағы үш кәмелетке толмаған бала түрлі дене жарақатымен Шелек ауруханасына түсті. Аталған факті ҚР қылмыстық кодекстің 345 бабы 4-ші бөлігіне сәйкес тергеліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жантүршігерлік көлік апаты Алматы-Көкпекті-Көктал тасжолының 181-ші шақырымында болған.