Найзағай, жаңбыр, бұршақ: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 8 тамызда Алматыда найзағай, 9-10 тамызда тауларда қатты жаңбыр, кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел, найзағай ойнап, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Азаматтарды көрсетілген мерзімде тауға шығудан бас тартуды және 112 қызметінің SMS хабарламаларын назардан тыс қалдырмауларын сұраймыз, — деді ТЖД Алматы тұрғындарына.

Сонымен бірге синоптиктердің айтуынша, Нұр-Сұлтанда секундына 20 метрге дейін жел соғып, найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні секундына 23 метр.

Ақмола облысының шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр.

Павлодар облысында түнде батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағайдың екпіні 15-20 м/с.діз қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр. Павлодар облысында түнде батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағайдың екпіні 15-20 м/с.