Прокуратура генерал-майордың өліміне қатысты істі бақылауына алды

Алматы прокуратурасы 6 тамызда 07.15 шамасында Алматы ҚАЖД тергеу изоляторы камерасында Жайлаубек Халықұлы асылып қалғаны туралы қоңырау түскенін хабарлайды. Шақырылған дәрігерлер оның өлімін растап, алдын ала асфиксия диагнозын қойды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды, өлімнің себептерін анықтау үшін қажет тергеу жұмысы жүргізіледі. Тергеу барысын Алматы прокуратурасы бақылауына алды, — деді ведомство қызметкері.

Айта кетейік, бұған дейін генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болғаны хабарланған еді.