Қор нарығында доллар 1,59 теңгеге қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,59 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 477, 98 теңге.

Ұлттық банктің 5 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476, 18 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңгеден болса, сатып алу құны – 478 теңге.

Ресей рублі 7,25 — 7, 55 теңге аралығында саудаланып жатыр.