Алматыда ер адам автобуста бұрынғы әйеліне шабуыл жасады

«НеМолчи.kz» қоғамдық қоры мәліметінше, оқиға автобуста болған. Екі баланың анасы, 27 жастағы әйелге бұрынғы күйеуі пышақпен шабуыл жасаған.

Қоғамдық қор таратқан видеода автобус ішінде ер адам әйелмен сөз таластырып тұрғаны, кейін пышақ шығарып, шабуыл жасағаны көрсетілген. Оқиға автобус ішіндегі камераға түсіп қалған.

Алматы полиция департаменті бұл дерек Алатау аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады, — делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НеМолчи.Kz (@nemolchi.kz)