Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде 37 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы күндері, Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің қалған бөлігінде ұзақ уақыт бойы ауа-райын, оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтайды. Мұнда жаңбырлы ауа райы болжанады. Найзағай, екпінді желмен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, қатты жел болуы мүмкін.

Температуралық фон ерекше өзгерістерге ұшырамайды. Күндіз батыста +30 +37 градус, оңтүстік-батыста +27 +37 градус, солтүстік-батыста +27 +35 градус, солтүстікте, шығыста +22 +30 градус, орталықта +20 +28 градус, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында +30 +35 градус, ал таулы аймақтарда +25 градус шамасында ыстық болжанады.