Басты бетЖаңалықтарҚайрат Бекенов...

Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Бекенов Қайрат Әскербекұлы өз еркімен жұмыстан кетті. Соңғы жұмыс күні 2022 жылғы 3 тамыз болды, — делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қайрат Бекенов автокөлік, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін қадағалаған. Бұл қызметте ол 1,5 жыл жұмыс істеді. Осылайша, қазір облыс басшысының екі орынбасары қалды. Бұған дейін облыс әкімінің екі орынбасары жұмыстан қысқартылған болатын.

Еске салайық, Қайрат Бекенов 2020 жылы 15 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.