Басты бет Жаңалықтар Алматыда қоғамдық әжетханалар орнату жобасы дайындалып жатыр

Алматыда қоғамдық әжетханалар орнату жобасы дайындалып жатыр

Алматыда қоғамдық әжетханалар орнату жобасы дайындалып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматы әкімімен кездесуге келген Бостандық ауданының тұрғындары қала басшысынан әл-Фараби даңғылындағы президент саябағына қоғамдық дәретхана орнатып беруді сұрады.

Жаңа жоба әзірленіп жатыр. Соның аясында саябақтың ішінде дәретханалар болады. Олардың жақсы болуын да ескереміз. Өкінішке орай, жалпы қаладағы қоғамдық дәретханалар – өз алдына бөлек мәселе. Қазір бізде қалада салынған 20 дәретхана туралы шешім қабылдадық. Жаңа басқарушы компания мұнымен қалай күресетінін көрейік, — деді қала әкімі.

Әкім өзінің орынбасарына саябаққа қанша әжетхана қажет екенін анықтауды тапсырды.

Маған 4 дәретхананы көрсетті. Дегенмен қажет болса, олардың арасындағы қашықтықты азайтып, балалар мен қарттарға қолжетімділікті арттыру үшін саябақтағы дәретхана санын көбейтуге болады деп ойлаймын, — деді Ерболат Досаев.

Exit mobile version