Басты бет Қоғам Алматыда даладағы әжетхана шұңқырында үш адам қаза тапты

Алматыда даладағы әжетхана шұңқырында үш адам қаза тапты

Алматының Наурызбай ауданы Абай елді мекенінде даладағы әжетхананың шұңқырында екі бала мен олардың әжесі көз жұмды.

Фото: ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі хабарлады.

Шұңқырға бірінші 2020 жылы туған қыз бала түсіп кеткен. 2009 жылы туған ағасы көмектескісі келіп, қарындасын өзі шығарып алмақ болған. Мұны көрген балалардың әкесі мен әжесі де оларды құтқаруға тырысқан. Қыз тұншығып қалған, балалардың әкесі ғана тірі қалды, оны құтқарушылар келгенге дейін шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған, — делінген хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметі құтқарушылар бала мен әжейді шығарғанын, бірақ олардың өмірін құтқарып қала алмағанын айтты.

Республикалық жедел-құтқару жасағы қазақстандықтарға үндеу жасады.

Жас балаларды қараусыз қалдырмаңыз, қырағы және сақ болыңыздар, — делінген хабарламада.

Exit mobile version