Алматы әкімімен кездесуге келген Бостандық ауданының тұрғындары қала басшысынан әл-Фараби даңғылындағы президент саябағына қоғамдық дәретхана орнатып беруді сұрады.
Жаңа жоба әзірленіп жатыр. Соның аясында саябақтың ішінде дәретханалар болады. Олардың жақсы болуын да ескереміз. Өкінішке орай, жалпы қаладағы қоғамдық дәретханалар – өз алдына бөлек мәселе. Қазір бізде қалада салынған 20 дәретхана туралы шешім қабылдадық. Жаңа басқарушы компания мұнымен қалай күресетінін көрейік, — деді қала әкімі.
Маған 4 дәретхананы көрсетті. Дегенмен қажет болса, олардың арасындағы қашықтықты азайтып, балалар мен қарттарға қолжетімділікті арттыру үшін саябақтағы дәретхана санын көбейтуге болады деп ойлаймын, — деді Ерболат Досаев.