Қорғаныс министрлігі қару-жарақ және әскери техника нарығына ұдайы мониторинг жасап отырады. Қару-жарақ пен әскери техниканын үлгілерін таңдау тәртібі ресми нормативтік құжатпен регламенттелген, — деп жазады министрлік мамандары.
Сонымен қатар Түрияның бронды техникасын сатып алу туралы түпкілікті шешім қабылданбағаны да айтылған.
Түркиялық машиналарға келсек, оны да аталған нормативтік құжат белгілеген тиісті процедура аясында зерттеп жатырмыз. Түркиялық брондалған дөңгелекті машиналарды сатып алу мәселесі ішкі ведомстволық кеңесші орган сынақтар қорытындысы бойынша оң шешім шығарса ғана қарастырылады, — делінген ресми мәліметте.