Ерболат Досевтың айтуынша, 2023 жылы Алматы әкімдігі «Атакент» аумағын қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.
«Атакент» мәселесіне келер болсақ, белгілі бір уақыт иесіз қалған жерлерімізді коммуналдық меншікке қабылдадық. «Атакентті» қалпына келтіруге, оны қосымша абаттандыруға жеке жоба дайындалып жатыр. Келесі жылдан бастап бұл аумақты жаңғырту мен реконструкциялауды бастаймыз, — деді Ерболат Досаев.