Жедел уәкілдер Түркістан облысының 32 жастағы тумасы мен оның сыбайласы 40 жастағы ер адам төрт көлік ұрлау дерегіне қатысқанын анықтады.
Көлік ұрлағандарды әшкерелеу және ұстау іс-шарасын бөлімше қызметкерлері Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп жүргізді. Қаланың Медеу ауданында қаскөйлер төрт көлікті ұрлап кеткені анықталды. Қазірдің өзінде үш көлік табылып, заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Төртінші көлік Toyota Vista әлі табылған жоқ. Ұсталғандардың бірі ұрланған көліктегі аккумуляторды металл қабылдау орнына тапсырып жатқан видеоны тәркіледік, — деді Алматы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Қазір полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Айыпталушылар қамауға алынған.