Басты бетЖаңалықтарПремьер-министр ревакцинациялау...

Премьер-министр ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырудың көбейгенін, әсіресе, елорда және Қарағанды облысында өскенін көріп отырмыз. Күн сайын республика бойынша 3 мыңға дейін жағдай тіркеледі. Бұл – жоғары көрсеткіш. Сондықтан коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шектеу шараларын күшейтті, олар өңірлермен және «Атамекен» палатасымен алдын ала келісілді, — деді Әлихан Смайылов.

Осы орайда үкімет басшысы денсаулық сақтау министрлігі эпидемиология жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуі қажет екенін тапсырды.

Шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету керек. Маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты алдын алудың негізгі шаралары қатаң сақталуы маңызды. Вакцинациялау мен ревакцинациялаудың төмен қарқыны эпидемиология жағдайының күрт нашарлап кетуіне алып келеді. Әкімдіктерге халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырамын. Барлық проблемалық мәселелерді Ведомствоаралық комиссия отырыстарында жедел қарап, тиісті шаралар қабылдау қажет, — деді Әлихан Смайлов.