Бұл туралы Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға Жаңақұрылыс және Байшұбар көшелерінің қиылысында болған. Салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Олар дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне қайтарылған. Ал 33 жастағы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аурухананың жансақтау бөліміне түскен.
Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.