Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы өсті

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,44 теңгеге өсіп, 479,51 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 30,31 шілде мен 1 тамыздағы ресми бағамы — 477,09 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу — 478,91 теңге, сату — 485,04 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,45 теңгеден сатып алынып, 481,54 теңгеден сатылып жатыр.