Басты бетЖаңалықтарҚаңтар оқиғасына...

Қаңтар оқиғасына қатысты 717 адам сотталды

Қаңтардағы оқиғалар бойынша сотқа барлығы 474 қылмыстық іс жолданды, олар бойынша 717 адам сотталды. Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында прокурорлар соттарды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды тағайындауға бағытталды, — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Тараз сотының үкімімен Жамбыл облыстық полиция департаментінен ұрланған «Макаров», «Стечкин» жүйесінің жауынгерлік тапаншаларын және оқ-дәрілерді сақтағаны және тасымалдағаны үшін жергілікті тұрғын сотталды. Аталған азамат өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп, сотқа дейінгі тергеу кезінде тергеу органдарына көмек көрсетті.

Осы жағдайларды ескере отырып, оған екі жыл шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 92 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзімін алды. Қалған қылмыстық істер бойынша тергеу органы даусыз дәлелдерді жинау және барлық қатысы бар адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр. Жұмыстың негізгі көлемі жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері бойынша жүргізілу үстінде. Мыңнан астам адам істер бойынша күдікті ретінде танылды. Әрқайсысымен жауап алу, бетттестіру, айғақтарды орнында тексеру және нақтылау сияқты және басқада кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде, — деді бас прокуратура өкілі.

Нұрлыбек Сәбитовтің дерегінше, тек арнайы прокурорлардың істері бойынша 40 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді. Сараптамалық ұйымдардың өндірісінде 4 мыңнан астам зерттеулер бар.

Міндетті тергеу әрекеттері қылмыстарға әр қатысушысының рөлін анықтау, оның әрекеттерін объективті бағалау және заңды процестік шешім қабылдау үшін жасалады. Қылмыстық қудалау органдары толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізу үшін барлық күштер мен құралдарды жұмылдырып жатыр, — деді ол.