Бұл туралы Kazakhstan Wrestling сайты хабарлады.
17 жасқа дейінгі 92 келіге дейінгі чемпионат финалында Камиль венгр спортшысы Мұса Арсункаевпен кездесті. Қазақстандық палуан 11:00 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік қазақстандық палуанның әкесі Магомед Куруглиев – 84 келіге дейінгі салмақта 2005 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.