Министрлік спорт және туризм салаларындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сонымен қатар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған оқу гранттарын бөлу туралы бұйрық әзірледі.
Атап айтқанда, биыл Қазақ ұлттық өнер университетіне 275 мемлекеттік білім гранты бөлінбек. Оның 204-і қазақ тілінде оқитын студенттер үшін.
Аталған оқу орнына бөлінген гранттар:
- музыка мұғалімдерін даярлау – 8;
- орындаушылық өнер – 116;
- режиссура, арт-менеджмент – 19;
- дирижирлік мамандық – 15;
- театр өнері – 24;
- бейнелеу өнері – 28.
Мүгедектігі бар адамдар үшін оқуға үш бағыт бойынша квота қарастырылған. Сонымен бірге ұлты қазақ, бірақ өзге ел азаматы болып табылатын студенттерге – 12, жетім балаларға – 3, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін – 15, толық емес отбасылардан шыққан студенттерге – 3 квота бөлінбек. Барлығы – 40 квота.
Ал Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында биыл мемлекеттік грант бойынша – 260, квота бойынша – 40 қазақстандық оқи алады.
Сонымен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алуға ниетті жастар үшін — 219 грант және 31 квота бөлінбек.
Халықаралық туризм және меймандостық университеті мемлекеттік грант шеңберінде 87 дене шынықтыру мұғалімін даярламақ. Бұған қоса, аталған жоғары оқу орнына 13 квота бөлінген.
Сонымен бірге министрлік бұйрығының жобасында магистратура және докторантура бағыттары бойынша гранттар қарастырылған.
Бұйрықты ашық талқылау 15 тамызға дейін жалғасады.