Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ұсталған бұрынғы ведомство басшыларына қатысты қылмыстық ісі бойынша Самат Әбіш куәгер.
Самат Әбіш Қ. Қ. Мәсімовке, А. Т. Садықұловқа, Д. Е. Ерғожинге, М. С. Осиповке және басқа да 175-баптың 1-бөлігінде, 179-баптың 3-бөлігінде, 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағында, 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алынды. Самат Әбішке қатысты қылмыстық істерді ұлттық қауіпсіздік органдары тіркемеді, бұлтартпау шарасы таңдалмады, — делінген хабарламада.