Бірінші класқа қабылдау бойынша 400 мыңнан астам өтініш түсті. Биыл мектепке баратын балалардың 70% қазақ тілінде білім алуды таңдады. Қалғандары орыс, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқуды жоспарлап отыр.
Ал, құжаттарды қабылдау мерзімі — 1 сәуірде басталып, 1 тамызда аяқталады. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін министрлік бұл қызметті автоматтандырды. Яғни, құжаттар eGov порталы арқылы қабылданады. Сонымен қатар құжаттарды қағаз түрінде де қабылдау қатар жүреді, — деп атап өтті Нәзира Әбдірахманова.
Баланы мектепке беру үшін қажетті құжаттар:
- ата-ананың өтініші;
- туу туралы куәліктің көшірмесі;
- № 063/у және 026/у форматындағы денсаулық анықтамалары;
- 2 дана 3х4 өлшеміндегі фотосуретi.
Егер ата-ана өтінішті eGov порталы арқылы беретін болса, онда аталған құжаттардың жалпы жүктемесі 5 мегабайттан аспауы тиіс.