Басты бет Жаңалықтар Алматыда заңсыз салынған Qadam тұрғын үй кешені сүріледі

Алматыда заңсыз салынған Qadam тұрғын үй кешені сүріледі

Сот Наурызбай ауданындағы Qadam тұрғын үй кешенін сүру жөнінде шешім шығарды.  Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Алматы әкімдігі

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы нысанды тексеріп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжатынсыз басталған.

Тексеру нәтижесі бойынша «Qadam ТК» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылды. Нәтижесінде сот шешімімен заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Қазір шешімнің заңды күшіне енетін уақытын күтіп отыр.

Жылжымайтын мүлікті сатып алудан бұрын тұрғындар салынып жатқан үй туралы ақпаратты тексеріп, мына жедел желі арқылы құжаттар пакетінің түгелдігін анықтай алады: +7 (727) 229-81-36.

Exit mobile version