Басты бет Жаңалықтар Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүріледі

Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүріледі

Алматыда заңсыз салынып жатқан "Жайсаң" тұрғын үй кешені сүріледі. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Фото: Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы

Ведомство мәліметінше, бұл тұрғын үй кешені Наурызбай ауданындағы «Ақжар» шағынауданында салынып жатыр.

Бұған дейін нысанда тексеру жүргізілді. Тапсырыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің 316, 321 және 463-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап сотқа жіберілді. Талап қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енуі керек, — деді басқарма өкілдері.

Exit mobile version