Басты бетЖаңалықтарЖамбыл облысында...

Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері қайтыс болды

2022 жылдың 27 шілдесінде ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі — миға қан кету.

Аталған факті бойынша ҚР ішкі істер министрлігі оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және қажетті көмек көрсету шараларын қабылдап жатыр.