26 әйел бір ай бойы «Didakt-kz» оқу орталығында оқыған болатын.
Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері Меруерт Бәкібаева мен Мәдина Байборинова емтихан комиссиясының мүшелері ретінде қатысып, болашақ тігіншілердің дағдыларын бағалады.
Алматы облысының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы 2021 жылдың 26 қараша күні ашылған болатын. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы — бұл әйелдерді қаржылық емес қолдауға арналған алаң, онда олар стартаптарды ынталандыру, жұмыс істеп тұрған бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру, сонымен қатар оқыту бағдарламалары мен іс-шараларға қатысу үшін бірқатар қызметтер ала алады.
Жобаның басты мақсаты — әйелдер жүргізетін бизнеске талдау жүргізу және даму әлеуетін айқындау. Орталыққа келіп, өтініш білдіргендер кеңес алып, тренингтер мен шеберлік сабағына қатыса алады. Кооперация мен әлеуметтік кәсіпкерлік тетігін үйреніп, қаржыландыру жолын (краудфандинг, инвестициялар, гранттар, лизингтер) меңгереді. Сонымен бірге халықаралық жобаларға қатысуға көмек көрсетіледі.
Біз әйелдер арасында олардың қалауларын анықтау үшін сауалнама жүргіздік. Сауалнама барысында көп сұраныс тігін мен кондитерлік мамандығы бойынша келіп түсті. Алматы облысының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының жобасын іске асыру барысында кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге арналған бір ай көлемінде тегін мамандандырылған оқу өтті. Оқу Талдықорған қаласында тігін саласы бойынша «Didakt-kz», ал кондитерлік бойынша Жамбыл ауданының ТОО «Меруерт-С» орталықтарымен келісім шарт жасалды. Тігін мамндығы бойынша 26, ал «Кондитер» мамандығы бойынша 25 нәзік жандыларды оқытылып, бүгінгі күні емтихан тапсырды. Нәтиже жаман емес. Бұл қадамды біз бірнеше айдан соң жемісін көре бастаймыз — деді емтихан комиссиясының мүшесі Мәдина Байборинова.