Басты бет Жаңалықтар Мың дрон бір мезгілде аспанға ұшырылды (Видео)

Мың дрон бір мезгілде аспанға ұшырылды (Видео)

Қытайдағы Гуанчжоудың Гундан провинциясында жыл сайын өтетін шамдар фестивалінде Ehang компаниясының мамандары бір уақытта 1000-нан астам дрондарды аспанға ұшырды. Олардың барлығын бір инженер біріктірілген пульт арқылы басқарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Көрнекі сурет

Осы шара кезінде пилотсыз ұшатын аппараттар алты түрлі күрделі формация орындаған.

Бұған дейін тек жүзден артық аппараттарды ғана басқару мүмкіндігі болған. Себебі дрондарды бір уақытта басқару алгоритмі күрделі.

Айта кетейік, бұған дейін Пентагон мамандары 100 пилотсыз ұшатын аппараттарды бір жасанды интеллект арқылы басқарып ұшырған болатын. Ол кезде 103 дрон екі түрлі ұшақтан басқарылып, кейін бір топқа біріктірілген еді. 2017 жылдың соңына дейін Пентагон осы тәжірибені 1000 дронмен қайталап көрмек.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version