28 шілде сағат 09:46-да «102» арнасына авиация қауіпсіздігі қызметінен әуежай аумағына қолдан жасалған жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Бомба туралы хат әуежайдың электрон поштасына жіберілген, — делінген елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ.
Нұр-Сұлтанның полиция департаменті мина қойылғаны туралы жалған ақпарат қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.