1965 жылға қарай сөреге түскен бүкіл шылымның 33%-ін әйелдер сатып ала бастаған екен. Әрине, қазір шылымқорлар саны бұрынғыдай емес – азайып келеді, дегенмен темекі тартатын әйелдер үлесі бұл әдетке душар болған еркектерге қарағанда баяу кеміп жатыр.
ниЖевред жобасымен бірлесе отырып, темекінің қазіргі заман әйелдері үшін не білдіретінін және оның шылымнан бас тартуға қалай әсер ететінін саралап көрдік.
Редакциядан дисклеймер
Көп адам зиян әдетті бірден қойып кете алмайды. Өткен ғасырдың басында әйелдің темекі шегуі ұят-масқара саналса, қазір бұл түсінік өзгерді. Темекі компаниялары үшін нарықтың жаңа сегменті ашылды. Зардабы азырақ балама нұсқаларға өту мүмкіндігін қарастырады. Шылымды қалай шексең де жаман, әрине, алайда одан келер залалдың басты көзі – темекі жанғанда бөлінетін заттар. Сондықтан шылымқорлардың денсаулығына төнетін қатерді азайтудың бір әдісі – темекіні қыздыру жүйелері. Бұл құрылғылар улы заттарды кәдімгі шылымға қарағанда 95% аз бөледі.
«Темекі – бостандық белгісі»
Көпғасырлық тарихына қарамастан, темекі тарту өткен ғасырдың 20-жылдарына дейін тек «ер адамға тән» әдет ретінде қабылданып келген еді. Ал осыдан жүз жылдай уақыт бұрын феминистік қозғалыс күшейе бастаған-ды. Әйелдер тең құқық пен еркіндік үшін күресті, еркектерге тиесілі артықшылықтарды алуға тырысты. Осы жолда темекі тең мүмкіндіктерге деген құқықпен бір қатарда тұрған символға айналды.
Бұған да ер адамның қатысы бар еді. Атақты пиаршы Эдвард Бернейс темекі компанияларына нарықтың жаңа сегментін, яғни әйелдер аудиториясын таныстырды. Жер-көкті алған жарнама кампанияларының, феминистердің көңілінен шығатын ұрандардың арқасында темекі компаниялары қоғам санасында шылым шегу мен әйелдің арасында жағымды байланыс бар деген ойды бекітіп үлгерді. Темекі жұмыс соңында кабинетінде Нью-Йорктің көпқабатты ғимараттарына қарап отырып түтіндеткен бастық әйел бейнесінің айнымас «серіктерінің» біріне айналды.
Темекі тартатын әйелдің келбеті жоғарыдағы идеяны тек қыз-келіншектердің арасында ғана емес, еркектердің ортасында да насихаттады, яғни шылымқор әйел ерекше тартымды деген пікір миға сіңе берді. Темекінің «гламурлануы» темекі жарнамасынан поп-мәдениетке өтті, артынша қоғамның санасында мықтап орнықты.
Шылым шегетін әйелдер көбейіп барады
Темекі жарнамасының қатаң бақылауда болғанына қарамастан, шылым шегу денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті проблемалардың бірі болып қалып отыр. Әрине, жалпы алғанда шылымқорлар саны азайып жатыр, алайда жекелеген мемлекеттерде темекі тартатын әйелдер үлесі еркектерге қарағанда баяу төмендеп жатыр. Мұндай тренд Батыста да, (мысалы, АҚШ-та), Қазақстанда да байқалады. Бізде 2014 жылдан бері шылым шегетін ерлердің саны айтарлықтай азайды, ал дәл осы санаттағы әйелдер үлесі 4,5%-тен 6,4%-ке дейін өскен. Сонымен бірге 2010 жылғы мына зерттеуде темекі тұтыну негізінен 25 пен 34 және 45 пен 54 жас аралығындағы әйелдер арасында артқаны айтылады.
Әйелге темекі тарту нені білдіреді?
Шылым шегетін әйелдер санының артуында қандай мән бар? Мұндай тенденцияның артында не тұр? Біз түрлі жастағы қазақстандық әйелдермен сөйлесіп, ой-пікірін білдік.
Нелли, 72 жаста, Алматы
«Темекіні 18 жасымда күшті көріну, өз бетінше өмір сүре алатын адамға ұқсау үшін тарта бастадым. Ол кезде көп әйел шылым шегетін, бірақ мұны айта бермейтін. Жақындарым бұл әдетімді қойдыруға тырысып бақты, алайда сүйіктіме қыздың темекі шеккені ұнаушы еді. Бұл да бір себеп болса керек. Жеке өзіме темекіге қарсы кампаниялар кері әсер тудырады, тіпті авторлар шылым шекпейтіндер өз ойының дұрыстығына көз жеткізе түссін деп, әдейі осындай жарнама беретін секілді көрінеді. Әрине, қазір шылым шекпеу сәнге айналды, ал әлдебір дүниенің сән болуы санаға жақсы ықпал етеді».
Диана, 37 жаста, Алматы
«Бала туған соң 25 жасымда шылым шеге бастадым. Отбасымда бәрі дұрыс болмады, стрестен темекі тартып кеттім. Қоршаған ортамда шылымқор жоқ еді, сондықтан менің шылым шегетінімді білгенде бәрі таңғалатын. Сірә, мұндай зиян әдеті жоқ адамға ұқсайтын болармын. Қазір түтінсіз девайстарға өттім. Тек достармен бас қосқанда ғана шылым шегемін. Жалпы, бұрын бұл істің өзінен ләззат алатынмын, бір ерекше дәстүр еді. «Темекі тартсаң, тумай қаласың» деген темекіге қарсы насихат мүлдем әсер етпейді. Бір құлағыңнан кіріп, бір құлағыңнан шығып кетеді. Ал жас кезде қандай да бір істің салдары болатынына бас қатырып жатпайсың.
Жанетта, 25 жаста, Атырау — Алматы
«Шылымды 16 жасымда шеге бастадым, себебі темекі сол кездің сәні болатын. Құрбыларымнан қалғым келмеді. Өкінішке қарай, жастық шағымда мән-мағынасыз дүниелер, мысалы, Dizzy ішіп, мас адам сияқты жүру керемет күшті саналатын. Атырауда шылым шегетін әйелдерді сирек көретінмін. Шеккен күннің өзінде, онысын жасырушы еді. Алматыдағы университке түскенде темекі тартатын әйелдердің көп екенін көріп қатты таңғалдым. Студент болып жүріп, шындап шегуге көштім. Қазір темекіні қыздыру жүйесіне өттім, себебі осы ыңғайлы. «Темекі тартатын едім» деп далаға шығып жүрмейсің.
Темекіге тәуелдімін деп ойламаймын, тек қатты қобалжып, мазасызданғанда немесе достарыммен отырғанда шегемін. Бірақ кинода темекі шеккен әдемі кадр көрсем, шылым тартқым келіп кетеді. «Ерте-ерте-ертеде Голливудта» фильміндегі осындай бір көрініс есімде. Брэд Питт жақсылап темекі тартқанда, құштарлығым артып, өзім де шылым іздей бастадым».
Темекіге қарсы кампанияларда қандай уәж-дәйектер қолданылады? Бұл әдісті не себепті өзгерту керек?
Темекіден бас тартуға арналған стратегиялар әйелді төмендетіп, оның қоғамдағы ролін сұлулық объектісіне, тіпті бала тууға арналған машинаға теңеп тастайды. Осыдан келіп «Темекіні таста, әйтпесе, терің әжім-әжім болып қалады», «Шылым шекпе, өйтпесең, бала тумай қаласың» деген сияқты ұрандар пайда болды.
Бұл сөздер кері әсер етеді, ал 20-ғасырдың басында қоғамның «ұят, ұят» деп қарсылық танытқанына қарамастан, темекі тартқан әйелдер осындай пікірлермен күресті емес пе!?
Жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, темекіден біржола бас тарту жолында шылым шегуге итермелейтін әлеуметтік-экономикалық және психологиялық факторларды да ұмытпау керек. Үйдегі зорлық-зомбылық кесірінен немесе психологиялық ауытқудан арыла алмай жүрген әйелдер арасында темекі тартатындар жиі кездеседі.
Себебі бұл проблемалар басқа дүниенің бәрін көлегейлеп жауып қалады, салдарынан денсаулығын күту мәселесі екінші орынға ығысады. Осы себепті қыз-келіншектерді адамның бойында болуы мүмкін қандай да бір кемшілікпен (мәселен, сырт келбетіне қатысты) қорқытудың орнына, әйелдің өзіне деген сенімін, темекіні қоюға итермелейтін ойын күшейткен дұрыс.
Сонымен қатар зиянды азайту концепциясын (ЗАК) да қолдануға болатын шешімдердің бірі ретінде қарастыруға болады. ЗАК зардабы бар әдеттен болатын ашқарынға шылым шегу, тартылатын темекі санын қысқарту, темекіні қыздыру жүйесі сияқты қатері аздау балама құралдарға өту сияқты қатерлерді азайтуға көмектеседі.