Басты бетЖаңалықтарШілдеде коронавирустан...

Шілдеде коронавирустан 3 науқас қайтыс болды

20 маусымнан бастап елімізде коронавирус инфекциясына шалдығудың өсуі байқалды. Кейінгі аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда коронавирустың таралуы 1,9 есе өсті (8 156 жағдайдан 15 503 жағдайға дейін). Тәулігіне коронавирустың расталу көрсеткіші 2 700 жағдайға жетіп отыр. Наурыз айынан бастап өлім-жітімнің бірлі-жарым жағдайы тіркелді. Шілде айында КВИ-мен ауырған 3 науқас қайтыс болды, — деді Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, кейінгі аптада COVID-19 вирусын жұқтыру көрсеткіші еліміздің 3 аймағында 70% жетті.

Алматыда (4 704 жағдай немесе 30,3%), Нұр-Сұлтанда (4 937 жағдай немесе 31,8%) және Қарағанды облысында (1 237 жағдай немесе 8%). Ауруға шалдығушылардың саны өскеніне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі төмен. Бүгінгі күні КВИ бойынша стационарлық көмек 180 инфекциялық ауруханада көрсетіледі. Төсек-орынның 30%-де науқастар жатыр, — дейді ол.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер стационарда емделіп жатқан пациенттерге талдау жүргізілгенін айтты.

КВИ-мен ауырып стационарда емделіп жатқан пациенттердің ішінде 18 жасқа дейінгі балалар — 36,3% құрайды. Ал 63,7% — ересектер, — деді Айжан Есмағамбетова.