Басты бетЖаңалықтарЕлімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі метеорологиялық жағдай нашарлайды. Солтүстікте күндізгі ауа температурасы төмендейді және елдің оңтүстік жартысында ыстық бәсеңдейді, — делінген хабарламада.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде күндіз +20 +30 градустан +15 +25 градусқа дейін, елдің орталығында +25 +33 градустан +18 +27 градусқа дейін, шығыс облыстарда аптап: +25 +35 градустан +19+29 градусқа дейін төмендейді.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында болса, +30 +39 градустан +25 +36 градусқа дейін болады.