Елімізде депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме өсті

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылғы шілде және тамызға барлық депозиттік желі бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемені көтерді.

Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Өзгерістер 2022 жылдың 26 шілдесінде күшіне енеді, сол күннен бастап банктер депозиттік өнімдері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы,- делінген хабарламада.

Еске салайық, 25 шілдеде Қазақстанда базалық мөлшерлеме өскен болатын. Ол 14,5% деңгейінде белгіленді.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз