Басты бетЖаңалықтарІІМ айыппұлды...

ІІМ айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу жүйесін алып тастайды

Бұл туралы әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев мәлімдеді.

Қазір ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін бір жыл ішінде бестен аса әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға 50% жеңілдікпен айыппұл төлеу мүмкіндігін алып тастауға түзетулер енгізіп жатыр, — деді Мұраталиев ІІМ брифингінде.

Айта кетейік, Қазақстанда 2015 жылдан бастап айыппұл төлеуге 50% жеңілдік енгізілген. Жеңілдік бейнебақылау камералары түсірген заңбұзушыларға қолданылмаған.