«Алтын орда» базары маңындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Алтын орда» базары маңындағы Алматы-Бішкек учаскесінде жолды кеңейту бойынша күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын екенін хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, қазір асфальт төсеуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 127 мың шаршы метр аумақта қалыңдығы 5 сантиметр болатын қиыршықтас-мастика асфальтбетон жабыны төселеді. Құрылыс жұмыстарына 120 жол жұмысшысы мен 40 техника жұмылдырылды.

Жалпы осы төрт шақырым учаскеде мердігерлерге жол айрықтары мен шығу жолдарын жабдықтап, «Нью-Джерси» темірбетон және тосқауыл қоршауларын орнату жұмыстарын аяқтау қажет. Сонымен қатар жолға бейнекамера орнатылады. Келісімшарт талаптарына сәйкес құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2022 жылдың қараша айына белгіленген. Бүгінгі күні жолды жөндеу жұмыстарының 85% аяқталды, — деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз