Марста қала салынады (Фото)

Қаланың жоба эскиздері интернетте таралған. Жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы БАӘ премьер-министрі әрі Дубай әмірі шейх Мохаммед бен Рашид Аль Мактум мен Әбуд-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мохаммед бен Заид Аль Нахайян мәлімдеді.

Марстағы қалаБасшылықтың айтуы бойынша, бұл жоба XXI ғасырда ғылым мен технологияны дамытуға, жастардың білімге деген құлшынысын арттыруға бағытталған.

Марстағы қала«Марс-2117» жобасы аясында БАӘ ұлттық университеттері базасында ғылыми-зерттеу орталықтары құрылып, елдің ғылыми-техникалық базасы күшейтіледі деп болжануда. Аль Мактумның айтуынша, Әмірлік ғарыш ғылымына ең көп инвестиция құятын тоғыз елдің қатарына кіреді.

ДереккөзBaq.kz