Қасым-Жомарт Тоқаев ұмра қажылығын өтеді

Бұл туралы БОРТ№1 Telegram каналы хабарлады.

Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді,-делінген хабарламада.

Тоқаев, ұмра, қажылық
Фото: telegram/БОРТ N1

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен ресми сапармен жүр.

Тоқаев, ұмра, қажылық
Фото: telegram/БОРТ N1