Бұл туралы БОРТ№1 Telegram каналы хабарлады.
Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен ресми сапармен жүр.