Басты бетҚоғамРеспубликалық мемқызметшілер...

Республикалық мемқызметшілер спартакиадасында БҚО құрамасы топ жарды

Cпартакиадада Батыс Қазақстан облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені жеңіп алды.

Мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруы үшін спорт пен дене шынықтырудың маңызы өте зор.

Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Артур Шерғалиевтің айтуынша, республикалық спартакиадаға республикамыздың барлық өңірінен жеті жүзден аса мемқызметшілер қатысқан.

Олар спорттың жеті түрінен, атап айтқанда шағын футболдан, волейболдан, дойбыдан, үстел теннисінен, гір тасын көтеруден, жеңіл атлетикадан сайысқа түскен. Жарысқа Батыс Қазақстан облысы құрамында 50-ден аса спортшы барып, барлығы да жеңіске деген жігерлерін танытып, ортақ жетістікке үлкен үлестерін қосқан.

Спартакиада бағдарламасына сәйкес, командалық спорт түрлері болып табылатын шағын футболдан біздің құрама күміс медальді, ал волейболшылар қола медальді мойынға тақты. Жекелей есепте де жүлдеге қол жеткіздік. Олар да жалпы есепте 128,5 ұпай жинап, жалпыкомандалық сында бас жүлдені қанжығалауымызға жол ашты, — деді Артур Шерғалиев.

Ақтөбе облысының құрамасы екінші орын, ал Павлодар құрамасы үшінші орынға ие болды.

Орал қаласы әкімі аппаратының қызметкері, шағын футболдан сайысқа қатысушы Арман Ақылбековтың айтуынша, республикалық жарысқа қатысушылар облыс деңгейінде екі рет қатаң іріктеуден өткен.

20 шілдеде Орал темір жол вокзалында жарыс жеңімпаздарын салтанатты қарсылау рәсімі өтіп, жылы тілектер айтылды.