Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, маймыл шешегіне 16 мыңнан астам адам шалдығып, 5 адам көз жұмған. Қауіпті ауру 75 елде тіркелген.
Бұл дерт бүкіл әлемге тез тарады. Сондықтан маймыл шешегі жаһандық қоғамдық денсаулық сақтаудағы төтенше жағдай деп есептеймін, — деді ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус.
Ұйым басшысы вирустың одан әрі таралуын және ықтимал пандемияның алдын алу үшін келісілген халықаралық әрекет қажет екенін айтты.
Қауіптің бұл деңгейі мемлекеттерге міндетті талап қоймайды, бірақ шұғыл әрекетке шақырады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мүше мемлекеттерге тек нұсқаулық пен кеңес бере алады. Ұйым жаһандық денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайлар туралы хабарлауға міндетті.
ДДСҰ бағалауы бойынша, маймыл шешегінің таралу қаупі жаһандық деңгейде орташа. Ал Еуропада қауіп жоғары.