Қазгидромет мәліметінше, 24 шілдеде еліміздің басым бөлігінде фронталды бөліктердің әсерінен жауын-шашын жауады. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, оңтүстік-батысында найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің батысында, шығысында бұршақ жауып, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Қазақстанның оңтүстігінде және орталығында жауын-шашын болмайды. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Ұлытаудың оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының орталығында өрт қаупі бар.
Күндіз Қызылорда, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Алматы облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында, Жетісу облыстарының шығысында өте қатты ыстық болады.