Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы бір ай қамауда болады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тергеу соты Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін 1 айға, яғни 26 тамызға дейін созу жөнінде шешім қабылдады, — деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 28 мамыр күні сот санкциясымен қамауға алынған еді.

Оған қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.