Болат Назарбаев тұрақты ауыр жағдайда екенін және 2015 жылдан бері онкологиялық аурудан емделіп жатқанын хабарлаймыз, — деп жауап берді Қасым Қасабеков Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына.
Бұған дейін БАҚ-та Болат Назарбаевтың фотосы мен видеосы жарияланған. Дереккөзге сілтеме жасалған мәліметте дәрігерлер Болат Назарбаевтың жағдайын ауыр, тіпті өте ауыр деп бағалағаны айтылған.
Айта кетейік, Болат Назарбаев наурызда 69 жасқа толды.