Басты бет Жаңалықтар Қайрат Боранбаевтың інісіне іздеу жарияланды

Қайрат Боранбаевтың інісіне іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевтың інісі, кәсіпкер Мұрат Боранбаевты іздеуге жариялады.

Қайрат Боранбаев. Фото: "Қайрат" футбол клубы

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Боранбаев Мұрат Советайұлы 1970 жылы 1 шілдеде дүниеге келген.

2022 жылғы 20 шілдедегі іздеу ісі Алматы облысында тіркелген. Бастамашы: ҚМА. Іздестіру жүргізетін орган: Қазақстан Республикасы қаржы мониторингі агенттігінің Алматы бойынша экономикалық тергеу департаменті (тел. 8 (727) 279-29-56), — делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 наурызда қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Ведомство квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Exit mobile version