Ұлттық банк қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру шарты бойынша сыйақының ең жоғары мөлшері берілген микрокредит сомасының 20% мөлшерінде белгіленсін, — делінген құжаттың салыстырмалы кестесінде.
Қаулының қазіргі редакциясына сәйкес, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген шағын несие беру шарты бойынша шекті мөлшерлеме 25% болып белгіленген.
Құжатта бұл бастама берілген шағын несиелер бойынша «қарыз алушылардың борыштық жүктемесін шектеу» мақсатында жасалғаны нақтыланған.